Түркістан облысы білім басқармасы Сарыағаш ауданы білім бөлімінің «№68 Т.Оспанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі мектеп болып 1998 жылы 21 тамызда қаланды. Оспанов Тағай өз қаражатына 9 жылдық мектеп салып қолданысқа берілді.
Мекен жайы: Жартытөбе елді мекені, Төңкеріс ауылы, Абылайхан №17А ғимарат.
2015 жылы мемлекеттің қолдауымен 3 қабатты 300 орындық типтік ғимарат қолданысқа берілді.
Мемлекеттік тілде екі ауысымда білім беретін мектеп. Оқыту тілі қазақ тілі. Қосымша оқыту тілдері ағылшын, орыс тілі. Мектепте 77 педагог, 25 кіші қызметкер, жалпы оқушы саны -572, 26 сынып комлектісі және 2 МАД тобы бар.
«Педагог -зерттеуші» -8, «Педагог-сарапшы» -23, «Педагог-модератор»-15 білікті педагогтардың сапалық құрамы 59,8%. Оқу материалдық базасы бойынша: 15 оқу бөлмесі, 2 лингафондық кабинеті, 2 компьютерлік кабинеті, 1 кітапхана, 1 думан залы, 1 психолог кабинеті, 1 спорт залы бар. Мектеп санитарлық гигиеналық талаптарға сай. Оқушы жүз пайыз оқулықтармен қамтылған